Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың І жарты жылдығында атқарған ұйымдастырушылық, ақпараттық-түсіндіру және өзге де маңызды іс-шаралары туралы

    ·

    1.22 қаңтарда Департамент басшысы Г.Сарсенгалиева Ақтөбе облысының білім басқармасын ұйымдастырған білім бөлімдері мен әдістемелік кабинет басшыларын қабылдауына қатысты. Қабылдау барысында бөлімдегі атқарылған жұмыстардың есептері және жаңа жолға қойылған жоспарлары тыңдалды.Бұл шарада басты назар білім сапасына, кадрлар мәселесіне, тәрбие жұмысына аударылды.Соның ішінде ішкі және сыртқы бағалаудың көрсеткіштері, олардың айырмашылықтары, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестатау нәтижелері, аттестатталмау себептері, мектепішілік бақылаудың дұрс деңгейде жүргізілуі, педагогтердің аттестаттаудан өтуі, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының орындалуы секілді мәселелер көтерілді.

    https://www.instagram.com/p/DTz5W2liCzR/?igsh=eHoyOHJicndkNDE0

    2.Департамент қызметкерлерінің қатысуымен 2 ақпан күні өткізілген аппараттық кеңесте Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Заңының 12 бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге материалдық сыйақыны, сыйлықтарды қабылдауға тиым салынған және білмей келіп түскен сыйлықтарды уәкілетті органға тапсыру қажет деп көрсетілгені, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 3-тарауы 6-тармағының 9) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыймсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламауы керек делінгеі, осыға орайі мемлекеттік қызметшілерге білмей келіп түскенсыйлықтарды уәкілетті органға өтеусіз беру бойынша жадынама талаптары және тексеру барысында Қазақстан Республкасы Кәсіпкерлік кодексінің 145- бабы 2-тармағының 12)тармақшасына сәйкес заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы керек екені көрсетілгенін негізге ала отырып, бақылау қадағалау субъектісін тексеру тағйаындау актісінің түпнұсқасымен таныстыру қажеттігін ескеру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    https://www.instagram.com/p/DUQc_Y3iBkt/?igsh=bWJxc3JvYXNnYjc0

    3.2025 жылдың 15 желтоқсанындаңы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ж.Д.Сүлейменованың төрағалығымен өткен кеңес қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының №79, 80, 82 жалпы білім беретін мектептері, Мәртөк ауданының №3 Сарыжар орта мектебінде «Келешек мектептері» жобасы аясында зерделеу жұмыстары 27 қаңтарда басталды. Аталмыш жұмысқа Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» АҚ филиалының, білім басқармасы, және балалардың құқытарын қорғау басқармасының өкілдері қатысты.

    Мониторинг барысында мектептің күнделікті жұмысымен, ішкі тәртіп ережесі, және білім беру ұйымының жай-күйімен танысты, соның ішінде мектептің инфрақұрылымы, оқушылардың психологиялық қауіпсіздігі, инклюзивті орта мен қолжетімділік,оқытудағы заманауи тәсілдердің қолданылуы, қауіпсіздік жүйелерінің болуы және білім беру процесіне қанағаттану деңгейі зерделенді.

    https://www.instagram.com/reel/DUAyFQVCGuB/?igsh=MW11dmppeWwxN29lMA ==

    https://www.instagram.com/reel/DUBD3x5DLN2/?igsh=aHlsNHZwaWhsN2px

    https://www.instagram.com/reel/DUBV8AnCDOO/?igsh=MXhsM2JxeGR1cjN5aQ ==

    https://www.instagram.com/reel/DUDUWLGCLlZ/?igsh=bGRhemU4MG1qd24z

    https://www.instagram.com/reel/DUDltT_iMeE/?igsh=OXY0bWdhd3FuMml1

    https://www.instagram.com/p/DUDz31vCGxc/?igsh=MTh3aXNuaWk0MHZ3cw ==

    https://www.instagram.com/reel/DUI5rMiiO46/?igsh=MW9zYWxpdGN5bzJkbQ ==

    4.2026 жылдың 10 ақпанында 2026 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мектепке дейінгі ұйымдарға арналған семинар Ақтөбе қаласының білім бөлімі базасында өтті. Аталған іс-шараға Ақтөбе қаласының 42 мектепке дйеінгі ұйымдарының әкімшілігі қатысты.

    https://www.instagram.com/p/DUlcZD2DLGu/?igsh=MTJ0aTczaWlncGpzaA ==

    5.2026 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Н.Досекешов пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Б.Мамытхановтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Осы кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті, әріптестермен қызметтік қарым-қатынасты реттеу, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық - әдептілік нормаларын ұстану мәселелері және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәджениетті қалыптастырға ерекше назар аудару қажеттігі, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын жүзеге асыру бағытында толық ақпараттар берілді.

    https://www.instagram.com/p/DU0l04PgsLR/?igsh=MXRoYnd2MG9uOTFvYw ==

    1. Ағымдағы жылдың 20-28 ақпаны аралығында Ақтөбе қаласының №83, 86 жалпы білім беретін мектептерінде «Келешек мектептері» жобасы аясында мониторинг жүргізіліп, мектеп құрылысымен айналысқан құрылыс компаниясының өкілімен кездесіп, құрылыс жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.

    https://www.instagram.com/reel/DUqeBHuiEMs/?igsh=MTAyZmdnZ2pka3F2MQ ==

    https://www.instagram.com/reel/DU_CiqNCMWm/?igsh=MXJ4NHowODBiYXR0bQ ==

    1. 23-26 ақпан аралығында «Ақтөбе облысының білім басқармасы Шалқар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жоспарлы тексеріс жүргізілді.

    https://www.instagram.com/reel/DVNzD8oDOnK/?igsh=b3hjYzBlNnA5OXl4

    8.12 наурызда Департамент қызметкерлері Тахауи Ахтанов атындағы драма театрында өткен Әділбек Тауасаровтың «Махаббат аралы» драмасының желісімен сахналанатын «Сезім саудасы» қойылымының премьерасын тамашалады. Қойылым – адалдық пен жауапкершілікті ұмытқан заманға ой тастайын, сыбайлас жемқорлықтақырыптарын тоғыстыратын психологиялық туынды.

    https://www.instagram.com/p/DV-96KeiK_b/?igsh=NXl5NjR4bTF2Z3U5

    9.Ақтөбе орта мектебінің әкімшілігі ағымдағы жылдың 13 наурызында «Мемлекеттік қызмет-ел тірегі» атты апталық шеңберінде 10-11 класс оқушылары үшін мемлекеттік қызметшімен кездесуді ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты –оқушыларға мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру, мемлекеттік қызметшінің кәсіби жолымен таныстыру және оқушылардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына ықпал ету.

    Кездесуге Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ж.Жаманова арнайы қатысып, оқушылармен өз тәжірибесін бөлісті. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті.

    https://www.instagram.com/reel/DV2xdqZCLCB/?igsh=dDhqMm81MHBqc2Y0

    10.Келешек мектептерінің бірі-Жаңақоныс кентіндегі №85 жалпы білім беретін орта мектебінде 14 наурызда мониторинг жүргізілді. Мектепте заманауи оқу кабинеттері, зертханалар мен STEM-кабинеттері, цифрлық инфрақұрылым, бастауыш және жоғары сыныптарға арналған жеке блоктар, сондай ақ инклюзивті білім беру ортасы қарастырылған.

    https://www.instagram.com/reel/DV1lRcAiKrX/?igsh=MXZ3bnc2M2MwMXpqdQ ==

    11.2027 жылдан бастап балабақшалардың қызметіне лицензия беру бойынша 16 наурызда түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Аталмыш шараға Ақтөбе қаласының мемлекеттік балабақшасының меңгерушілері қатысты.

    https://www.instagram.com/p/DV78SSrCOKg/?igsh=MmR0ZTN4Ymg2bWxr

    12.Шалғай ауылдардағы мемлекеттік балабақша меңгерушілеріне лицензия алу бойынша түсіндірме жұмыстары офлайн форматта 17 наурызда ZOOM платформасы арқылы өткізілді.

    https://www.instagram.com/p/DV-WntPiBE_/?igsh=MTVtMWllcHEwZ3lmMQ ==

    1. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында 30 наурыз күні жеке балабақшалардың қызметіне қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Департамент мамандары осы шарада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу, білікті маман-кадрлармен қамтамасыз етілуі, мемлекеттік тапсырыстың заңнама талаптарына сәйкес орналастырылуына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    https://www.instagram.com/reel/DWgX1PfjEGO/?igsh=c3k2enNianZkeTFq

    1. 4 сынып оқушыларының білім сапасын бағалаудың PIRLS-2026 халықаралық зерттеуі 1-9 сәуір аралығында облыстың 10 білім беру ұйымдарында өтті. Халықаралық зерттеудің талапқа сай, ашықтықты сақтай отырып өтуіне Департамент мамандары бақылау жасады.

    https://www.instagram.com/p/DW8XquRCESe/?igsh=MWU0ZGhhMnN4anh3aw ==

    1. 27 сәуір күні Ақтөбе облысы әкімі аппаратының отырысында Департамент басшысы өңірдің білім сапасының мәселесі бойынша баяндама жасады.

    https://www.instagram.com/p/DXrhkWDCBJt/?igsh=MWN3cXk5NjJucWVzMg ==.

    16.Департаментте педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы 28 сәуірде өтті. Күн тәртібінде педагогикалық әдеп қағидаларының бұзылуы бойынша мәселе қаралды.

    https://www.instagram.com/p/DXrtA7WiPnM/?igsh=NHo1cTh1b3BwZnFi

    17.Сәуір айының 29 жұлдызында жыл бойы жұмыс жасайтын және маусымдық білім беру және сауықтыру ұйымдарын лицензиялау мәселесі бойынша кездесу ұйымдастырылды. Осы шараға жыл бойы жұмыс жасайтын және маусымдық білім беру және сауықтыру ұйымдарының заңды өкілдері қатысты. Кездесуге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті басшысының орынбасары С.Ибраева, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті, Білім басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілдері қатысты және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    https://www.instagram.com/p/DV78SSrCOKg/?igsh=MmR0ZTN4Ymg2bWxr

    1. 2026 жылдың 15 мамырында «Қазақстандағы білім беру саясатының конституциялық негіздері: нормалардан тәжірибеге дейін» тақырыбында конференция өтті. Конференция жұмысына Ақтөбе облысы мәслихаты, салалық кәсіподағының өкілдері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушылары қатысып, конституцияға енгізілген өзгерістер төңірегінде баяндады. https://www.instagram.com/p/DXuDYLfCNdZ/?igsh=MW9oMmRjYWZjYWlydQ ==
    2. 21 мамырда 2026 жылғы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тізіміне енгізілген Ақтөбе облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен (онлайн, офлайн) семинар өткізілді. Бұл семинар барысында мемлекеттік аттестаттаудың жаңа форматы мен қағида талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, осы шара барысында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау туралы мәселелер де көтерілді.

    https://www.instagram.com/reel/DYmVFUXoaBW/?igsh=MWJoNWNiMnNsaWxycg ==

    1. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуге қатысатын сарапшылармен семинар 30 мамыр күні ұйымдастырылды. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу сапасын арттыру және бағалау рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.

    https://www.instagram.com/reel/DY8vd3ds_-L/?igsh=MWxuZnl4cnJiMTdzeQ ==

    1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің тапсырмасы негізінде мамыр-маусым айларына жоспарланған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы екіайлық» іс-шарасына сәйкес 5 маусым күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыты» тақырыбында ұйымдастырылған кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Е.Байниязов қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары, қызметтік әдепті сақтау маңыздылығы және мемлекеттік қызмет жүесіндегі ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    https://www.instagram.com/p/DZMgk6-CH2i/?igsh=MWI3ZXZuYnVjcmxjbg ==

    1. «Заң мен тәртіп-әділ қоғамның негізі» тақырыбында 18 маусым күні Департамент басшысы «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    https://www.instagram.com/p/DZMgk6-CH2i/?igsh=MWI3ZXZuYnVjcmxjbg ==

    23.Облыстық мәслихаттың мәдени-әлеуметтік даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының 26 маусымда өткен отырысында Департамент басшысы мектепке дейінгі ұйымдардағы маңызды фактордың бірі бейіні сәйкес келетін педагог кадрлармен қамтылу мәселесі көтерді және техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарына жүргізілген бақылау шараларында анықталған бірқатар заңбұзушылықтарға тоқталды.

    https://www.instagram.com/p/DaU6ITqDnrm/?igsh=bXd4ZW45enVoaHR6

    Жүктеу
    205e20805fdbd2a6fc63346fdd5f69b0_original.21810.docx
    DOCX · 21 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің 2026 жылғы 2 тоқсандағы есебі

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жаныдағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) міндеттері педагогикалық әдептің бұзылу мониторингі, профилактикасы және оның алдын...

    Жарияланды:
    Есеп

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 2 тоқсандағы жұмысы туралы есептің талдамалық анықтамасы

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 2 тоқсандағы а...

    Жарияланды:
    Есеп

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 1 жартыжылдығының жұмысы туралы есептің талдамалық анықтамасы

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 2 тоқсандағы а...

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың ІІ тоқсандағы атқарған ұйымдастырушылық, ақпараттық-түсіндіру және өзге де маңызды іс-шаралары туралы

    27 сәуір күні Ақтөбе облысы әкімі аппаратының отырысында Департамент басшысы өңірдің білім сапасының мәселесі бойынша баяндама жасады. https://www.instagram.com/p/DXrhkWDCBJt/?igsh=MWN3cXk5NjJucWVzMg==. 2.Департаментте п...

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың ІІ тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарған іс-шаралары

    Департаменттің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде келесі жұмыстар атқарылды: 1-9 сәуір аралығында облыстық білім беру ұйымдарында, соның ішінде Алға, Мұғалжар, Темір аудандары және Ақтөбе қаласының 10 жалпы білі...

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың ІІ тоқсанында білім беру ұйымдарына жүргізген мониторингінің есебі

    Мектепішілік бақылау Мектепішілік бақылау бойынша 2026 жылдың маусым айында Ақтөбе қаласының 8 мектебіне мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының мектепішілік бақылау жоспарының «Мектепке дейінг...

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бойынша 2026 жылдың ІІ тоқсанындағы жүргізілген мемлекеттік бақылау шаралары

    Білім беру ұйымдарын қайта аттестаттау: Есепті кезеңнің ІІ тоқсанында барлығы 16 білім беру мекемесінде мемлекеттік қайта аттестаттау өткізілді (мектеп-10, балабақша-6). Білім беру ұйымдарының қызметі талапқа сәйкес келу...

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылдың 1- сәуірі -30 маусымы аралығында атқарылған жұмыстарының есебі

    Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары негізінде келесі жұмыстар атқарылды: 1.Мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп норм...

    Жарияланды: