Білім беру ұйымдарын қайта аттестаттау:
Есепті кезеңнің ІІ тоқсанында барлығы 16 білім беру мекемесінде мемлекеттік қайта аттестаттау өткізілді ( мектеп-10, балабақша-6). Білім беру ұйымдарының қызметі талапқа сәйкес келуіне байланысты аттестатталды.
Мемлекеттік аттестаттау:
2026 жылдың маусым айында барлығы 16 мектепке дейінгі ұйымда мемлекеттік аттестаттау өткізілді.
«Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 114-НҚ бұйрығының 24, 25 тармағы талабына сәйкес 14 мектепке дейінгі ұйымына анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жолданып, 3 айға дейінгі мерзімде сәйкессіздіктердерді жою туралы іс-шаралар жоспары ұсынылды.
Жоспардан тыс тексерулер:
2026 жылдың сәуір-маусым айларында 12 білім беру ұйымдарына жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Оның ішінде арыз шағым негізінде 10 білім беру мекемесінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның ішінде 7-де (70%) кемшілік анықталды. 7 білім беру ұйымына бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.
Сонымен қатар, нұсқама талаптарының орындалмауы және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы мектептер мен колледждерде білім беру сапасын қамтамасыз ету жəне оқу-тəрбие қызметінің жүзеге асырылуы бойынша жоспардан тыс тексерістер жүргізілді.
Нұсқама талабы орындалмаған білім беру ұйымына әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік соттың қарауына жолданды.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы мектептер мен колледждерде білім беру сапасын қамтамасыз ету жəне оқу-тəрбие қызметінің жүзеге асырылуына жүргізілген тексеру қорытындысында «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" №385 бұйрығының талаптары сақталмағаны анықталып, әкімшілік хаттама толтырылып, мерзімі белгіленген бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.
Білім бөлімдерін жоспарлы тексеру
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 59-1 бабына (Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау) сәйкес 2026 жылдың маусым айында «Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ жоспарлы тексеріс жүргізілді.