Кәсіпкерлерге білім беру саласындағы лицензиялау талаптары түсіндірілді

    1 / 4

    Бүгін Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі салалықаралық кеңес отырысына Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Е. Каратаев пен бас маманы Л. Кализина қатысты. Кеңес барысында жеке мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары түсіндірілді.
    Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, білім беру ұйымдарын лицензиялау кезінде ескерілетін негізгі талаптар мен рәсімдер түсіндірілді. Сонымен қатар, саладағы өзекті мәселелер талқыланып, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заң талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары