Алан Құрманғалиев – жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері

    Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев Түркияның ұйымдастыруымен өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль еншіледі.

    Отандасымыз жұптық сында Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшыларымен кездесті. Нәтижесінде Алан Құрманғалиев пен Беньямин Фараджи әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

    Бұл – қазақстандық үстел теннисі үшін тарихи жетістіктердің бірі. Алан Құрманғалиев бұған дейін 2022 жылы да жастар арасындағы әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен болатын. Сол кезде отандасымыз аралас жұптық сында әлем чемпионы атанып, жекелей сында қола медаль иеленген.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары