Елордада ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
🏆 16-22 қараша аралығында өтетін ел біріншілігінде 16 команда сапындағы 165 спортшы жүлделі орындарға таласады.
Салтанатты шарада ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қатысушыларды құттықтады.
«Баршаңызды ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылуымен құттықтаймын! Бүгінгі чемпионат – еліміздің спорт өміріндегі маңызды жарыстардың бірі. Жарыс барысында еліміздің әр өңірінен келген үздік спортшылары бақ сынайды. Ауыр атлетика – Қазақстанда бұрыннан дамып келе жатқан спорт түрі. Спортшыларымыздың халықаралық жарыстардағы жеңістері – олардың еңбегі, жаттықтырушылардың қолдауы мен үлкен талпынысының нәтижесі», - деді Есеналин.
Чемпионатта ерлер 60, 65, 70, 75, 85, 95, 110 және +110 келі салмақ дәрежелерінде сынға түседі. Ал әйелдер 49, 53, 57, 61, 69, 77, 86 және +86 келіде өзара мықтыны анықтайды.
Ел чемпионатының барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері 22 қарашада белгілі болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









