1 / 9
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балалар үйінде тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шара өткізді.
Кездесу барысында құтқарушылар балаларға төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін, дұрыс әрекет ету тәртібін және қауіптің алдын алу жолдарын түсіндірді. Тәрбиеленушілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті ақпарат алды.
Сондай - ақ балалар үйінің терезелеріне арнайы қорғаныс құрылғылары орнатылды. Бұл шара балалардың терезеден құлап кету қаупін азайтуға бағытталған.
Іс-шара соңында қызметкерлер балаларға сыйлықтар табыстап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.









