1 / 3
🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов өз қызметі аясында Ұлттық превентивтік тетік (ҰПМ) қатысушысымен бірлесіп, Жезқазған қаласы әкімдігінің «Отбасы институтын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.
Сапар барысында орталықтың қызметімен танысып, отбасы институтын нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтармен жұмыс жүргізу мәселелеріне назар аударылды.








