1 / 3
🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметтік міндеттері аясында Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Құқықтық мәдениет – өркениет негізі» тақырыбында құқықтық сағат өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға құқықтық мәдениеттің маңыздылығы, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң талаптарын құрметтеу және әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы түсіндірілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру және құқықтық санасын дамыту.









