1 / 2
Жанама ауылдық округі әкімдігі ғимаратындағы «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышында тұрғындарға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілтін қашықтан алу бойынша практикалық көмек көрсетілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу мүмкіндіктерін кеңейту және мемлекеттік қызметтерді алу барысында қолайлы жағдай жасау.
Көмек көрсету барысында азаматтарға ЭЦҚ кілтін онлайн форматта рәсімдеу тәртібі түсіндіріліп, қажетті қадамдарды орындау бойынша практикалық нұсқаулық берілді.









