«Дін және рухани құндылықтар» атты кездесу өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Дін және рухани құндылықтар» атты кездесу өтті

    Жанама ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысының ұйымдастыруымен Жанама қазақ орта мектебінің оқушыларымен «Дін және рухани құндылықтар» тақырыбында кездесу өтті.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және діни жат ағымдардың ықпалының алдын алу.

    Кездесу барысында Жетісу облысының Дін істер басқармасына қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ-нің маман теологы Сагиев Нұрзат Қуатұлы діни жат ағымдар, деструктивті діни ағымдар және діни идеология мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Маман жастарға діни ақпаратты дұрыс қабылдау және саралау, күмәнді діни ақпарат көздерінен сақ болу, жат діни ағымдардың ықпалына түспеу қажеттігін түсіндіріп, дәстүрлі рухани құндылықтарды құрметтеуге шақырды.

    Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан тиісті жауаптар алды.

    Іс-шара жастар арасында діни сауаттылықты арттыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және деструктивті діни ағымдардың алдын алуға бағытталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары