АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА «ADAL QADAM» ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

    2026 жылғы мамыр–қараша айлары аралығында Алакөл ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында «Adal Qadam» жобасы жүзеге асырылды.

    Жоба Алакөл аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Өрендер» академиясы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

    Жоба аясында бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асырылып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді:

    • 1 000 адам жоба іс-шараларымен қамтылды;

    • 16 ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды;

    • 100 азаматқа құқықтық кеңес берілді;

    • «ART OF LAW» шығармашылық байқауы өткізілді;

    • «Заң мен тәртіп» интерактивті құқықтық квесті ұйымдастырылды;

    • құқықтық мәдениетті насихаттайтын мурал ашылды;

    • «Qұқық QR» цифрлық ақпарат жүйесі енгізілді.

    Жоба барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне басымдық берілді.

    6 қараша күні өткен қорытынды дөңгелек үстелде жобаның нәтижелері талқыланып, алдағы уақытта құқықтық ағарту жұмыстарын жалғастыру бағытында ұсыныстар қабылданды.

    «Adal Qadam» жобасы жоспарланған көрсеткіштерді орындап, аудан тұрғындары арасында заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған маңызды бастама ретінде қорытындыланды.

    «Өрендер» академиясы» қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Жанама ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары