Жанама ауылдық округінде нашақорлықтың алдын алу, есірткінің зияны туралы қоғамның хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында акция ұйымдастырылды.
Акция барысында тұрғындарға есірткі заттарының адам денсаулығына тигізетін кері әсері мен ауыр зардаптары, есірткі қылмысының алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанудың, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы айтылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында нашақорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және есірткісіз қоғам құндылықтарын дәріптеу.
Есірткісіз болашақ – жарқын болашақ!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









