Жанама ауылдық округінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Алакөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 18 маусымдағы №46-Ө өкімімен құрылған ведомствоаралық мобильді топ тұрғын үйлердің аулаларына рейдтік аралау жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында абаттандыру және санитарлық тазалық талаптарының сақталуына назар аударылды. Тазалық талаптарын бұзған 2 жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-тармағына сәйкес учаскелік полиция инспекторы тарапынан ескерту жасалды.
Мұндай рейдтік шаралар ауыл аумағында тазалықты сақтау, тұрғындардың жауапкершілігін арттыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында тұрақты түрде жүргізілуде.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









