ЖАНАМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ «E-GOV» ЖАРШЫСЫ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

    1 / 2

    Жанама ауылдық округінде тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңінен насихаттау мақсатында «E-gov» жаршысы» ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді.

    Акция барысында ауыл тұрғындарына «Электрондық үкімет» порталы мен Egov Mobile мобильді қосымшасының мүмкіндіктері, мемлекеттік қызметтерді онлайн алу жолдары, электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, тұрғындарға электронды форматта анықтамалар алу, өтініштер беру, түрлі мемлекеттік қызметтерді қашықтан рәсімдеу жолдары түсіндіріліп, практикалық көмек көрсетілді.

    Аталған акция азаматтардың мемлекеттік қызметтерді өз бетінше, жылдам әрі қолайлы түрде алу дағдыларын қалыптастыруға және цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Жанама ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары