Халықпен жүздесу: тұрғындардың өтініштері назарға алынды

    1 / 2

    Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге Қызылорда қаласының тұрғындарымен кездесіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
    Кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы қатысты.
    Жеке қабылдау барысында қала тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, тиісті басшыларға талап-тілектерін жеткізді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, азаматтардың сұрақтарына жауаптар берілді.
    Бұдан бөлек, облыс әкімі мен құқық қорғау органдарының басшылары қала аумағын аралап, тұрғындармен тікелей жүздесті. Аралау кезінде халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен танысып, айтылған ұсыныстар мен мәселелерге назар аударды.
    Тұрғындардың өтініштері негізінде бірқатар мәселелердің шешілуіне қолдау көрсетіліп, тиісті көмек ұйымдастырылды. Сонымен қатар жауапты қызметтерге көтерілген мәселелерді назарға алып, оларды шешу бойынша тапсырмалар берілді.
    Халықпен ашық диалог орнату, тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асу және мәселелеріне нақты қолдау көрсету – елмен етене жұмыс істеудің басты бағыттарының бірі. Мұндай кездесулер азаматтардың өтініштерін жедел қарауға және жергілікті жердегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары