Ұлытау облысының төрт дзюдо маманы халықаралық сертификат алды

    Ұлытау облысының төрт дзюдо маманы Түркияның Ыстанбұл қаласында Халықаралық дзюдо федерациясы академиясының (IJF Academy) Level 1 деңгейіндегі оқу бағдарламасын сәтті аяқтап, арнайы сертификаттарға ие болды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Халықаралық семинарға қатысқан өңір мамандары кәсіби білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін арттырды.
    Атап айтқанда, Елдос Қайсар, Батырлан Өмірзақов, Ерболат Қаракесеков және Жандос Қайсаров оқу бағдарламасын толық меңгеріп, тиісті сертификаттар алды.
    Аталған бағдарлама дзюдо жаттықтырушыларының кәсіби даярлығын арттыруға, халықаралық тәжірибені меңгеруге және өңірде осы спорт түрін дамытуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары