Ұлытаулық самбошылар ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды

    1 / 3

    Ұлытаулық самбошылар ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды

    Ұлытау облысының спортшылары Кипрде өткен ардагерлер арасындағы самбодан әлем чемпионатында бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    18-22 қараша аралығында Кипрдің Лимасол қаласында өткен әлем чемпионатына ардагер самбошылар қатысты. Халықаралық жарыста Ұлытау облысының үш спортшысы жүлделі орындардан көрінді.
    Атап айтқанда, М1 жас санатында 64 келі салмақ дәрежесінде белдескен Ержан Қоңыров әлем чемпионы атанып, алтын медаль иеленді.
    Ал М6 жас санатында 79 келі салмақта өнер көрсеткен Ерболат Әшимов пен М2 жас санатында осы салмақ дәрежесінде бақ сынаған Асқар Дүкембаев қола жүлдегер атанды.
    Осылайша, Ұлытау облысының спортшылары әлем чемпионатын үш медальмен аяқтады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары