Ұлытау облысының оқушысы республикалық «Қола домбыра» айтысында жүлдегер атанды

    Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кітап оқитын ұлт – зерде» жобасы аясында ұйымдастырылған «QOLA DOMBYRA» республикалық оқушылар айтысының ақтық кезеңі өтті. Ұлттық өнер додасында Ұлытау облысының оқушысы жүлделі орын иеленді, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Ұлытау ауданындағы №14 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Гүлім Егеубай суырыпсалмалық шеберлігі мен ақындық қабілетін танытып, II орынға ие болды.

    Жас ақын 150 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.

    Бұл жетістік – жас ақынның шығармашылық ізденісі мен табанды еңбегінің, сондай-ақ жетекшілерінің қажырлы жұмысының нәтижесі.

    Гүлім Егеубай мен оның жетекшілерін республикалық деңгейдегі жетістігімен құттықтаймыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары