Волейболдан Қазақстан Республикасының 35-чемпионатының Жоғары лига командалары арасындағы бірінші туры аясында Ұлытау облысы әкімінің кубогы сарапқа салынды. Жарыс қорытындысы бойынша «Ұлытау» командасы бірінші орын иеленіп, облыс әкімінің кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Турнирге еліміздің тоғыз командасы – «Ұлытау», «Тұран», «Қайсар», «Шымкент», «Ертіс», «Абай», «Астана», «Қарағанды» және «Маңғыстау» қатысты.
Тартысты өткен жарыста «Ұлытау» командасы жоғары ойын шеберлігін көрсетіп, бірінші турдың жеңімпазы атанды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









