АПВ: вакцинация — болашақ денсаулықтың қорғанысы

    Адам папиллома вирусы (АПВ) онкологиялық аурулардың, соның ішінде жатыр мойны обырының дамуына себеп болуы мүмкін.

    Вакцинация ағзаны вирустың ең қауіпті түрлерінен қорғауға және онымен байланысты аурулардың қаупін төмендетуге көмектеседі.

    Вакцина кімдерге ұсынылады?

    - 11 жастағы қыздарға — жоспарлы вакцинация;

    - 12–13 жастағы қыздарға — егер бұрын вакцина алмаған болса, толықтыру вакцинациясы;

    - 14–17 жастағы қыздарға — қосымша иммундау.

    Вакцинация тегін әрі ерікті түрде, ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүргізіледі.

    Қызыңыздың денсаулығын қорғауды кейінге қалдырмаңыз! Бүгінгі вакцинация — жатыр мойны обырының алдын алуда және оның болашағына қамқорлық жасаудағы маңызды қадам.

    Вакцина алу мүмкіндігін нақтылау үшін тіркелген емханаңызға хабарласыңыз.

    Бүгінгі қорғаныс — ертеңгі салауатты өмір!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары