Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының міндеті – халықтың деңгейін және медициналық көмектің сапасын қорғауға және арттыруға бағытталған қоғамдық денсаулық жүйесін қалыптастыру:

    1) халық арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;

    2) денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру мен қолданбалы ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту;

    3) қаланың қоғамдық денсаулық жүйесі қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету;

    4) аурулардың профилактикасы – ерте диагностикалау, скринингтік және профилактикалық қарап-тексеру, аурулардың алдын алу және уақтылы емдеу;

    5) қаланың салауатты инфрақұрылымын дамытуға ықпал ету.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Республика күні құтты болсын!

    🇰🇿 Қазақстан Республикасы күні құтты болсын! Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы барша қазақстандықты Республика күнімен шын жүректен құттықтайды! Бұл мереке - халқымыздың бірлігі мен ел тәуелсіздігін, туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптейтін айрықша күн. Еліміз өркендеп, әр шаңырақта бейбітшілік пен береке, татулық пен келісім салтанат құрсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке, толағай табыс пен ертеңгі күнге деген сенім тілейміз! Қазақстанымыз жыл өткен сайын нығайып, халқымыздың әл-ауқаты арта берсін!

    25 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ҚР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    Құрметті алматылықтар, әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Осыдан 30 жыл бұрын, 1995 жылы 30 тамызда тәуелсіз Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Ата заң – мемлекеттілігіміздің берік тұғыры, бейбітшілік пен келісімнің, еліміздің дәйекті әрі тұрақты дамуының мызғымас кепілі. Денсаулық сақтау саласында Негізгі заң әрбір азаматтың денсаулығын сақтау және медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз етеді. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болуына тілектеспін. Әр отбасына бақыт пен молшылық, баршаңызға сәттілік пен табыс, қуаныш пен бақыт, денсаулық пен күш-жігер тілеймін! Ізгі ниетпен, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов

    30 тамыз 2025 ж.Тікелей
    Ақпарат

    Хабарландыру

    Барлықмүдделіәлеуеттіжеткізушілерге Коммерциялықұсынысты ұсыну туралы сұрау салу «Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қосымшада көрсетілген екі дәрілік затқа шекті бағалар бекітілмегенін хабарлайды. Осыған байланысты осы хатты алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде көрсетілген дәрілік заттар бойынша коммерциялық ұсыныстарды [email protected] электрондық поштасына жолдауды немесе қағаз түрінде Басқарманың кеңсесіне Республика алаңы, 4 мекенжайы бойынша ұсынуды сұраймыз. Қосымша тіркелді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Бос лауазымға арналған конкурс

    Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Жетісу ауданының алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы» КМК директоры лауазымынаконкурстық іріктеу өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ 07.10.2026ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жетісу ауданының алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы» КМК байқау кеңесі директор лауазымына іріктеу бойынша конкурс жариялайды. Конкурсты өткізу мерзімдері: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 22.10.2026ж. (Алматы уақыты бойынша) сағат 13:00-ге дейін. Әңгімелесу кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде (әңгімелесу кестесіне сәйкес). Конкурстың өтетін орны:ҚР, 050034, Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Райымбек даңғылы, 263/2 үй (4 қабат, 402 кабинет). Кәсіпорынның атауы:Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жетісу ауданының алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы» КМК (бұдан әрі – Кәсіпорын). Кәсіпорынның орналасқан жері:ҚР, 050034, Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Райымбек даңғылы, 263/2 үй, телефон +7 (727) 339‒58‒98, эл.пошта:[email protected]. Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік аумақтық бағдарламаларды орындау. Кәсіпорын директорының негізгі лауазымдық міндеттері: Кәсіпорынның өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқару шешімдеріне, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады. Білуі керек: ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Еңбек кодексін, ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексін, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексін, ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын, ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын, ҚР "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңын. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша және (немесе) "Бизнес және құқық"; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы; басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімдері:«Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» КММ интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады: конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай құжаттар: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат; 5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 6) ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін конкурс жариялаған Кәсіпорынға электронды түрде [email protected] мекенжайы бойынша құжаттарды тапсырады. Құжаттардың түпнұсқалары сұхбат басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, тұлға сұхбаттан өтуге жіберілмейді. Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесуді өткізу кестесі

    Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесуді өткізу кестесі

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Алматы қаласы бойынша 2027 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағлайларда төсек бейіндері бөлінісінде төсек қорын қоса алғанда, денсаулық сақтау субъектілерінің төсек қорын айқындау туралы бұйрық

    Алматы қаласы бойынша 2027 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағлайларда төсек бейіндері бөлінісінде төсек қорын қоса алғанда, денсаулық сақтау субъектілерінің төсек қорын айқындау туралы бұйрық

    Жарияланды:
    Бұйрық

    "Алматы қаласы бойынша 2026 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағлайларда төсек бейіндері бөлінісінде төсек қорын қоса алғанда, денсаулық сақтау субъектілерінің төсек қорын айқындау туралы" Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылғы 25 қыркүйектегі №02.1-26/214нқ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық

    "Алматы қаласы бойынша 2026 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағлайларда төсек бейіндері бөлінісінде төсек қорын қоса алғанда, денсаулық сақтау субъектілерінің төсек қорын айқындау туралы" Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылғы 25 қыркүйектегі №02.1-26/214нқ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Хабарландыру

    Барлықмүдделіәлеуеттіжеткізушілерге Коммерциялықұсыныстыұсынутуралысұраусалу «Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қоса берілген қосымшада көрсетілген үш дәрілік затқа шекті бағалар бекітілмегендіктен, олар бойынша коммерциялық ұсынысыңызды осы хатты алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде [email protected] электрондық поштаға жіберуді немесе қағаз нұсқасын Республика алаңы, 4 мекенжай бойынша Басқарманың кеңсесіне ұсынуды сұрайды Қосымша тіркелді.

    Жарияланды: