Алматыда балаларды вакцинациялау және қала тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

    1 / 6

    Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың төрағалығымен мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

    Кеңес барысында балаларды вакцинациялаумен қамту, оның ішінде адам папилломавирусына (АПВ) қарсы иммундау, өзекті мәселелер және ата-аналардың вакцинацияға деген сенімін арттыру шаралары талқыланды.

    Сондай-ақ Алматы қаласында балаларды вакцинациялау деңгейі нөлге тең деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні атап өтілді. Вакцинациямен қамтудың төмен көрсеткіші 12 жекеменшік медициналық ұйымда анықталған, бұл қала бойынша жалпы жағдайды көрсетпейді.

    Мәселен, 2026 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарда балаларды вакцинациямен қамту көрсеткіші 70,9%-ды құрады, жоспарлы көрсеткіш – 79,2%. Жоспардан төмен болудың негізгі себептері – медициналық қарсы көрсетілімдер мен ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы. Қамту деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

    Сонымен қатар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және фармацевтикалық бақылау мәселелері қаралды.

    Медициналық көмектің сапасы мен вакцинацияның және дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру Басқарма қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары