Жетісу облысында туристік нысандарда сенбілік өтті

    1 / 8

    2026 жылғы 7 қарашада Жетісу облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті.

    Іс-шараны Жетісу облысының туризм басқармасы ұйымдастырды. Экологиялық акция өңірдің барлық 10 ауданы мен қаласындағы туристік нысандарды қамтыды.
    Сенбілікке жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, туристік нысандардың қызметкерлері, кәсіпкерлер, еріктілер мен қоғам белсенділерін қоса алғанда, шамамен 12 мың адам қатысты.

    Іс-шара барысында туристік аумақтарды санитарлық тазарту, абаттандыру, тұрмыстық қалдықтардан тазарту, демалыс орындарын ретке келтіру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша барлығы 4 012 түп ағаш отырғызылып, жұмыстарға 50-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

    Сенбілік саябақтарда, экопарктерде, өзендер мен көлдердің жағалауларында, сондай-ақ облыстың басқа да туристік нысандарында ұйымдастырылды. Атап айтқанда, тазалық жұмыстары Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында, Текелі қаласындағы «Серкесай» экопаркінде, Ескелді ауданындағы Талдықорған – Текелі тас жолының Қаратал өзені бойындағы бөлігінде, Ақсу ауданындағы «Тамшыбұлақ» бұлағының маңында, Алакөл ауданындағы «Жалаңашкөл» көлінің жағалауында, Көксу ауданындағы Көксу өзенінің бойында, Қаратал ауданындағы Кемел Тоқаев атындағы скверде, Кербұлақ ауданындағы «Алтын-Емел» ұлттық паркінің Басши ауылында, Панфилов ауданындағы «Бөлек батыр» саябағында және Сарқан ауданындағы «Қойтас» экопаркінде жүргізілді.
    Мұндай экологиялық іс-шаралар туристік нысандардың санитарлық жағдайын жақсартуға, табиғи мұраны сақтауға және халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

    Туған өлкенің тазалығы мен көркеюі – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!

    Облыстық туризм басқармасының мәліметі бойынша дайындалды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының туризм басқармасы" жаңалықтары