Жетісу облысында Қытайдың ірі компаниясымен туристік және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

    1 / 7

    2026 жылғы 27 қазанда Жетісу облысының туризм басқармасының басшысы Ерсін Темірбекұлы Ибраше́в пен Қытайдың HSCH Global Business Service Center (Husong Global Expansion) компаниясының төрағасы Чжан Юн (ZHANG Yong) арасында кездесу өтті.


    Кездесу барысында Жетісу облысының туристік және инвестициялық әлеуеті, туризмді дамытудың перспективалық бағыттары және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері таныстырылды. Тараптар өңірді Қытай нарығында ілгерілетуге және Қытайдан келетін туристер ағынын арттыруға ерекше назар аударды.


    Кездесуге сондай-ақ Asia Tour компаниясының, «Викинг» және «Тау Жетісу» демалыс базаларының, сондай-ақ өңірдің туристік саласындағы басқа да ұйымдардың басшылары қатысты. B2B форматындағы келіссөздер барысында қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, туристік маршруттарды қалыптастыру және Қытайдан келетін туристерді қабылдауды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.


    Кездесу қорытындысы бойынша Жетісу облысының туризм басқармасы мен HSCH Global Business Service Center ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында Жетісу облысының визит-орталығын ашу жоспарлануда. Орталықта өңірдің көрікті жерлері, туристік маршруттары мен инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылады.


    Орталықтың ашылуы Жетісу облысының Қытай нарығындағы қатысуын кеңейтуге, Қытайдың туристік және іскерлік қауымдастықтарымен тікелей байланыс орнатуға, сондай-ақ туристер мен әлеуетті инвесторларды тартуға ықпал етеді.

    Облыстық туризм басқармасының мәліметі бойынша дайындалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының туризм басқармасы" жаңалықтары