«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – ел болашағының кепілі» атты дөңгелек үстел өтті

    Арқарлы ауылдық округінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – ел болашағының кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда парасаттылық құндылықтарын насихаттау.

    Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, заң талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар, әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі, адал еңбек ету, әділдік пен ашықтық қағидаттарын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, өскелең ұрпаққа адалдық пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығын жеткізді.

    Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру үшін әрбір азамат заңды құрметтеп, адалдықты өмірлік ұстанымына айналдыруы қажет екені айтылды. Өйткені әділдік пен парасаттылық салтанат құрған қоғам – елдің жарқын болашағының кепілі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Арқарлы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары