Бала тууға және бала күтіміне арналған жәрдемақы тағайындау тәртібі

    Қазақстан Республикасында балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты бала тууға және бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау тәртібі туралы ақпарат ұсынылады.

    Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бала дүниеге келген отбасыларға тағайындалады.

    Бала күтіміне байланысты төлемдер бала белгілі бір жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады. Төлемнің түрі мен мөлшері өтініш берушінің міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуына және заңнамада белгіленген талаптарға байланысты айқындалады.

    Жәрдемақыны рәсімдеу тәртібі:
    1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беру.
    2. Жеке басты куәландыратын құжат пен баланың тууы туралы мәліметтерді тексеру.
    3. Ұсынылған мәліметтер негізінде жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдау.
    4. Тағайындалған төлемдерді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру.

    Бала тууға және бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар туралы толық ақпарат алу, сондай-ақ оларды рәсімдеу мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жүгінуге болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары