1. Есту аппараттары
Есту аппараттарымен қамтамасыз ету және қалдық естуді электроакустикалық түзету балалар мен ересектердің ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Есту аппаратына бейімделу, оны пайдалану дағдыларын меңгеру және ұзақ уақыт қолдану бойынша міндетті түрде оқыту қарастырылады.
Екі құлақтың естуі төмендеген жағдайда:
Бинауралды есту протездеуі — екі есту аппаратын пайдалану.
Бимодальды есту протездеуі — бір құлаққа есту аппаратын, екінші құлаққа сөйлеу процессорын пайдалану.
Есту аппараттары есту қабілетінің төмендеу дәрежесіне қарай ұсынылады: орташа қуатты, қуатты және аса қуатты.
Көрсетілімдері: екіжақты III–IV дәрежелі кереңдік.
Қарсы көрсетілімдері: есту жүйесінің ретрокохлеарлық патологиясы, есту нейропатиясын қоспағанда.
2. Веб-камерасы бар ноутбук
Көрсетілімдері:
Есту аппараттарымен түзетуге келмейтін немесе есту аппараттарын қолдану тиімсіз болған екіжақты IV дәрежелі кереңдік.
Екіжақты саңыраулық (естудің орташа жоғалуы 90 дБ-ден жоғары).
Саңырау-мылқаулық.
Саңыраулықтың IV дәрежелі кереңдікпен қатар жүруі.
Қарсы көрсетілімдері:
Түзетумен жалғыз немесе жақсы көретін көздің көру өткірлігі 0–0,03 болуы және/немесе көру өрісінің 10 градусқа дейін концентрлік тарылуы.
Есту қабылдауы мен ауызша сөйлеу дамыған жағдайда кохлеарлық имплантациядан кейінгі жай-күй.
Орташа, ауыр немесе терең дәрежелі ақыл-ой кемістігімен, деменциямен қатар жүретін психикалық бұзылыстар.
Жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқудың негізгі дағдыларын меңгерудегі шектеулер.
3. Көпфункционалды сигналдық жүйе
Көрсетілімдері:
Екіжақты III–IV дәрежелі кереңдік.
Екіжақты саңыраулық (естудің орташа жоғалуы 90 дБ-ден жоғары).
Саңырау-мылқаулық.
Саңыраулықтың III–IV дәрежелі кереңдікпен қатар жүруі.
Қарсы көрсетілімдері:
Ауыр немесе терең дәрежелі ақыл-ой кемістігімен, деменциямен қатар жүретін психикалық бұзылыстар.
Есту қабылдауы мен ауызша сөйлеу дамыған жағдайда кохлеарлық имплантациядан кейінгі жай-күй.
6 жасқа толмаған жас.
4. Мәтіндік хабарлама жіберу және қабылдау функциясы бар мобильді телефон
Көрсетілімдері:
Есту аппараттарын қолдану тиімсіз болған жағдайда екіжақты III–IV дәрежелі кереңдік.
Екіжақты саңыраулық (естудің орташа жоғалуы 90 дБ-ден жоғары).
Саңырау-мылқаулық.
Саңыраулықтың III–IV дәрежелі кереңдікпен қатар жүруі.
Қарсы көрсетілімдері:
Түзетумен жалғыз немесе жақсы көретін көздің көру өткірлігі 0–0,03 болуы және/немесе көру өрісінің 10 градусқа дейін концентрлік тарылуы.
Орташа, ауыр немесе терең дәрежелі ақыл-ой кемістігімен, деменциямен қатар жүретін психикалық бұзылыстар.
Есту қабылдауы мен ауызша сөйлеу дамыған жағдайда кохлеарлық имплантациядан кейінгі жай-күй.
Жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқудың негізгі дағдыларын меңгерудегі шектеулер.
5. Саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағат
Көрсетілімдері:
Есту аппараттарын қолдану тиімсіз болған жағдайда екіжақты III–IV дәрежелі кереңдік.
Екіжақты саңыраулық (естудің орташа жоғалуы 90 дБ-ден жоғары).
Саңырау-мылқаулық.
Саңыраулықтың III–IV дәрежелі кереңдікпен қатар жүруі.
Қарсы көрсетілімдері:
Түзетумен жалғыз немесе жақсы көретін көздің көру өткірлігі 0–0,03 болуы және/немесе көру өрісінің 10 градусқа дейін концентрлік тарылуы.
Орташа, ауыр немесе терең дәрежелі ақыл-ой кемістігімен, деменциямен қатар жүретін психикалық бұзылыстар.
Есту қабылдауы мен ауызша сөйлеу дамыған жағдайда кохлеарлық имплантациядан кейінгі жай-күй.
6 жасқа толмаған жас.
6. Кохлеарлық импланттарға арналған сөйлеу процессоры
Көрсетілімдері: кохлеарлық имплантациядан кейінгі жай-күй.
Ескерту: сурдотехникалық құралдарды тағайындау медициналық көрсетілімдер, қарсы көрсетілімдер және қолданыстағы нормативтік талаптар негізінде жүзеге асырылады.









