"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы

    1 / 5

    Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 10 және 21-баптары талаптарының орындалуына назар аударылып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және көрнекі ақпараттардың заң талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілуде.

    Аталған жұмысты жалғастыру мақсатында ағымдағы жылдың 23 қазанында округ аумағындағы 5 мемлекеттік мекемелердің маңдайша жазуларының заң талаптарына сәйкестігіне зерделеу жүргізілді.
    Зерделеу нәтижесінде аталған мекемелердің маңдайша жазуларының заң талаптарына сәйкес келетіні анықталды. Тексерілген нысандар бойынша ешқандай кемшілік анықталған жоқ.
    Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының орындалуын бақылау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және көрнекі ақпараттардың заң талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғастырылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Көксу ауданы Лабасы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары