"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі, ол халықтың әлеуметтік қауіпсіздігін, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырумен, міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асырады және бақылайды. Департаменттің міндеті зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама, міндеттік әлеуметтік сақтандыру, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Мүгедектігі бар адамдарға берілген жеке оңалту бағдарламасының 2026 жылғы 31 тамыздағы кезеңдегі орындалуы

    2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасы (ОЖБ) шеңберінде іс-шаралардың орындалуы және оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары төмендегідей жүзеге асырылды: * Протездік-ортопедиялық көмек – 4 882 өтініш түсті, оның 3 961-і қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 68,9%. * Сурдологиялық көмек – 514 өтініш түсті, оның 457-сі қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 89%. * Тифлотехникалық құралдар – 812 өтініш түсті, оның 682-сі қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 83%. * Кресло-арбалар – 856 өтініш түсті, оның 814-і қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 95,1%. * Санаторлық-курорттық емдеу – 7 458 өтініш түсті, оның 4 739-ы қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 63,6%. * Жеке көмекшінің қызметтері – 282 өтініш түсті, оның 271-і қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 96,1%. * Ымдау тілі маманының қызметтері – 563 өтініш түсті, оның 547-сі қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 97,2%. * Міндетті гигиеналық құралдар – 12 977 өтініш түсті, оның 12 529-ы қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 96,6%.

    Жарияланды:
    Ереже

    Ереже 2024

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қолжетімділігі шектеулі азаматтарға арналған жаңадан пайдалануға берілетін объектілердің сәйкестігі туралы декларацияларды келісу жөніндегі ақпарат

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті жаңадан пайдалануға берілетін объектілердің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды келісу жұмыстарын жүзеге асыруда. 2026 жылғы 19 тамыздағы жағдай бойынша Департаментпен декларацияларды келісуге қатысты 4 өтініш қаралды. Қаралған объектілердің қатарында білім беру объектілері, тұрғын үй және сауда объектілері бар. Өтініштерді қарау барысында СП РК 3.06-101-2012 «Маломобильные группы населения. Доступность зданий и сооружений» талаптарына сәйкес келмейтін бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, жиі кездесетін сәйкессіздіктер: пандустардың екі жиегінде кресло-арбаның сырғып кетуіне жол бермейтін жиектердің болмауы; тұтқалардың ұштарының талапқа сәйкес дөңгелектеліп шығарылмауы; есік ойықтарының ені белгіленген кемінде 90 см талапқа сәйкес келмеуі; санитариялық үй-жайларда кресло-арбамен бұрылуға қажетті кеңістіктің қарастырылмауы; унитаздың екі жағында тірек тұтқалардың болмауы; қолжуғыштың айналасында тірек тұтқалардың болмауы; ақпараттық тақтайшалар мен мнемосхемалардың болмауы; баспалдақ сатыларының биіктігінің белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келмеуі; баспалдақ алдындағы кіреберіс алаңның өлшемдерінің нормативтік талаптарға сәйкес келмеуі. Аталған кемшіліктер объектілерді жобалау және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде қолжетімділік талаптарын ескерудің маңыздылығын көрсетеді. Бұл өз кезегінде құрылыс аяқталғаннан кейін анықталған кемшіліктерді қайта түзету қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Департамент тарапынан Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына хат жолданып, объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасын қарау және бекіту кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін СП РК 3.06-101-2012 талаптарын міндетті түрде ескеру ұсынылды. Департамент тарапынан алдағы уақытта да жаңадан пайдалануға берілетін объектілердің қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды қарау, анықталған кемшіліктерді жою және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік, тұрғын үй және коммерциялық инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың І жартыжылдығындағы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 2026 жылдың қаңтар–маусым айлары аралығында барлығы 11 жоспарлы профилактикалық бақылау жүргізілді. Есепті кезеңде жоспардан тыс тексерулер жүргізілген жоқ. Сондай-ақ прокуратура органдарының тапсырмасы немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде тексерулер жүзеге асырылған жоқ. Жүргізілген профилактикалық бақылаулардың барлығы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және олардың оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес оңалту іс-шараларымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша №7 бақылау парағына сәйкес өткізілді. Атап айтқанда, осы бағыт бойынша 11 мекемеге бақылау жүргізілді. Ал мүгедектігі бар адамдар үшін ғимараттардың қолжетімділігі (№6 бақылау парағы), стационарлық және жартылай стационарлық жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (№3 бақылау парағы), сондай-ақ үйде қызмет көрсету жағдайында оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы (№4 бақылау парағы) бойынша есепті кезеңде тексерулер жүргізілген жоқ. Барлық 11 жоспарлы профилактикалық бақылау объектіге бару арқылы жүзеге асырылды. Бақылау нәтижесінде 8 субъектіге (объектіге) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, барлығы 8 заң бұзушылық анықталды. Бүгінгі күні анықталған заң бұзушылықтардың барлығы толықтай жойылып, орындалғаны расталды. Қалған 3 мекемеге анықтама берілді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облысында арнайы әлеуметтік төлемді тағайындау бойынша 2026 жылдың 5 айындағы қорытындылар

    2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында ұзақ уақыт бойы еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек еткен азаматтарға арналған арнайы әлеуметтік төлем (бұдан әрі – АӘТ) 105 азаматқа тағайындалды. Есепті кезеңде арнайы әлеуметтік төлемді алу үшін 110 азамат өтініш білдіріп, оның 105-іне оң шешім қабылданды. Қанағаттандырылған өтініштердің үлесі 95,5%-ды құрады. Арнайы әлеуметтік төлем қаржыландыру көздеріне қарай төмендегідей тағайындалады: 2 қаржыландыру көзі есебінен (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) – 6 азамат өтініш беріп, барлығына арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды (100%). 4 қаржыландыру көзі есебінен (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру компаниясы) – 104 азамат өтініш білдіріп, олардың 99-ына арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды. Анықтама үшін: Қазақстанда арнайы әлеуметтік төлем тетігі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Ол ұзақ уақыт бойы зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген азаматтарды әлеуметтік қолдауға бағытталған. Арнайы әлеуметтік төлемді тағайындаудың негізгі шарттары: азаматтың 55 жасқа толуы; Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына кемінде 7 жыл (84 ай) көлемінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылуы. Арнайы әлеуметтік төлем жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін төленеді. Төлемді алу үшін азамат зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысын тоқтатуы қажет. Бұл ретте ол жеңілдетілген еңбек жағдайына ауысып, жалақысын сақтай отырып арнайы әлеуметтік төлемді қатар ала алады немесе еңбек қызметін толық аяқтап, зейнеткерлік жасқа дейін арнайы әлеуметтік төлемді алу мүмкіндігіне ие. Әлеуметтік кодекстің талаптарына сәйкес арнайы әлеуметтік төлемді алуға құқық беретін кәсіптер тізбесіне экономиканың 17 саласы бойынша 2 300-ден астам мамандық енгізілген. Олардың қатарында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі салаларының қызметкерлері де бар.

    Жарияланды: