2026 жылдың І жартыжылдығындағы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары

    ·

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 2026 жылдың қаңтар–маусым айлары аралығында барлығы 11 жоспарлы профилактикалық бақылау жүргізілді.

    Есепті кезеңде жоспардан тыс тексерулер жүргізілген жоқ. Сондай-ақ прокуратура органдарының тапсырмасы немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде тексерулер жүзеге асырылған жоқ.

    Жүргізілген профилактикалық бақылаулардың барлығы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және олардың оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес оңалту іс-шараларымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша №7 бақылау парағына сәйкес өткізілді. Атап айтқанда, осы бағыт бойынша 11 мекемеге бақылау жүргізілді.

    Ал мүгедектігі бар адамдар үшін ғимараттардың қолжетімділігі (№6 бақылау парағы), стационарлық және жартылай стационарлық жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (№3 бақылау парағы), сондай-ақ үйде қызмет көрсету жағдайында оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы (№4 бақылау парағы) бойынша есепті кезеңде тексерулер жүргізілген жоқ.

    Барлық 11 жоспарлы профилактикалық бақылау объектіге бару арқылы жүзеге асырылды.

    Бақылау нәтижесінде 8 субъектіге (объектіге) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, барлығы 8 заң бұзушылық анықталды. Бүгінгі күні анықталған заң бұзушылықтардың барлығы толықтай жойылып, орындалғаны расталды.

    Қалған 3 мекемеге анықтама берілді.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жамбыл облысында арнайы әлеуметтік төлемді тағайындау бойынша 2026 жылдың 5 айындағы қорытындылар

    2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында ұзақ уақыт бойы еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек еткен азаматтарға арналған арнайы әлеуметтік төлем (бұдан әрі – АӘТ) 105 азаматқа тағайындалды. Есепті кезе...

    Жарияланды: