Жамбыл облысында арнайы әлеуметтік төлемді тағайындау бойынша 2026 жылдың 5 айындағы қорытындылар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі

    2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында ұзақ уақыт бойы еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек еткен азаматтарға арналған арнайы әлеуметтік төлем (бұдан әрі – АӘТ) 105 азаматқа тағайындалды.

    Есепті кезеңде арнайы әлеуметтік төлемді алу үшін 110 азамат өтініш білдіріп, оның 105-іне оң шешім қабылданды. Қанағаттандырылған өтініштердің үлесі 95,5%-ды құрады.

    Арнайы әлеуметтік төлем қаржыландыру көздеріне қарай төмендегідей тағайындалады:

    • 2 қаржыландыру көзі есебінен (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) – 6 азамат өтініш беріп, барлығына арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды (100%).
    • 4 қаржыландыру көзі есебінен (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру компаниясы) – 104 азамат өтініш білдіріп, олардың 99-ына арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды.

    Анықтама үшін:

    Қазақстанда арнайы әлеуметтік төлем тетігі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Ол ұзақ уақыт бойы зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген азаматтарды әлеуметтік қолдауға бағытталған.

    Арнайы әлеуметтік төлемді тағайындаудың негізгі шарттары:

    • азаматтың 55 жасқа толуы;
    • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына кемінде 7 жыл (84 ай) көлемінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылуы.

    Арнайы әлеуметтік төлем жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін төленеді.

    Төлемді алу үшін азамат зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысын тоқтатуы қажет. Бұл ретте ол жеңілдетілген еңбек жағдайына ауысып, жалақысын сақтай отырып арнайы әлеуметтік төлемді қатар ала алады немесе еңбек қызметін толық аяқтап, зейнеткерлік жасқа дейін арнайы әлеуметтік төлемді алу мүмкіндігіне ие.

    Әлеуметтік кодекстің талаптарына сәйкес арнайы әлеуметтік төлемді алуға құқық беретін кәсіптер тізбесіне экономиканың 17 саласы бойынша 2 300-ден астам мамандық енгізілген. Олардың қатарында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі салаларының қызметкерлері де бар.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазан айында қозғалысы шектеулі адамдарға арналған объектілер декларацияларын келісу туралы ақпарат

    Қазан айында қозғалысы шектеулі адамдарға арналған объектілер декларацияларын келісу бойынша барлығы 8 өтініш келіп түсті. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша: 6 өтініш келісілді; 2 өтініш бойынша келісуден бас тартылды...

    Ақпарат

    Мүгедектігі бар адамдарға берілген жеке оңалту бағдарламасының 2026 жылғы 31 тамыздағы кезеңдегі орындалуы

    2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасы (ОЖБ) шеңберінде іс-шаралардың орындалуы және оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары төмендегідей жүзеге ас...

    Ақпарат

    Қолжетімділігі шектеулі азаматтарға арналған жаңадан пайдалануға берілетін объектілердің сәйкестігі туралы декларацияларды келісу жөніндегі ақпарат

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті жаңадан пайдалануға берілетін объектілердің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік талап...

    Ақпарат

    2026 жылдың І жартыжылдығындағы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 2026 жылдың қаңтар–маусым айлары аралығында барлығы 11 жоспарлы профилактикалық бақылау жүргізілді. Есепті кезеңде жоспардан тыс тексерулер жүргізілген жоқ. Сондай-...