Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары бұзылған жағдайда департаментке жүгіну тәртібі

    Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтары бұзылған жағдайда, олар өз құқықтарын қорғау және заңбұзушылықтарды жою мақсатында уәкілетті мемлекеттік органға шағымдануға құқылы.

    Бұл бағытта өтініш қабылдайтын негізгі орган – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменті.

    1. Қандай жағдайларда департаментке жүгінуге болады?

    Мысалы:

    • Мүгедектігі бар адамға әлеуметтік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылса;
    • Оңалту құралдары мен техникалық көмекші құралдар уақытында берілмесе;
    • Жеке оңалту бағдарламасында көзделген шаралар орындалмаса;
    • Ғимараттар мен қоғамдық орындарда кедергісіз орта талаптары сақталмаса;
    • Пандус, лифт, арнайы тұрақ және санитариялық бөлмелер қолжетімсіз болса;
    • Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында адамның құқықтары бұзылса;
    • Әлеуметтік қызмет көрсету кезінде кемсіту немесе заңсыз әрекеттер орын алса.

    Департамент өтініш негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, заңбұзушылық анықталған жағдайда оны жою туралы нұсқама беріп, кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін қарай алады.

    2. Департаментке өтініш беру тәртібі

    Мүгедектігі бар адам немесе оның заңды өкілі келесі тәртіппен жүгіне алады:

    1-қадам. Өтініш дайындау

    Өтініште мына мәліметтер көрсетілуі қажет:

    • Өтініш берушінің аты-жөні;
    • Байланыс телефоны және мекенжайы;
    • Құқық бұзушылық орын алған мекеменің немесе ұйымның атауы;
    • Құқық бұзушылықтың нақты сипаттамасы;
    • Оқиғаның болған күні мен орны;
    • Қандай құқықтың бұзылғаны;
    • Қойылатын талап (тексеру жүргізу, бұзушылықты жою, заңды шара қолдану).

    2-қадам. Дәлелдемелерді тіркеу

    Өтінішке мүмкіндігінше:

    • Фото және бейнематериалдар;
    • Медициналық құжаттар;
    • Әлеуметтік қызмет көрсету туралы шарттар;
    • Жазбаша жауаптар мен бас тарту құжаттары;
    • Басқа да растайтын материалдар қоса беріледі.

    3-қадам. Өтінішті жолдау

    Өтінішті бірнеше жолмен беруге болады:

    4-қадам. Өтініштің тіркелуін бақылау

    Өтініш тіркелгеннен кейін оның тіркеу нөмірін сақтау қажет. Электрондық өтініштің қаралу барысын e-Otinish жеке кабинеті арқылы бақылауға болады.

    3. Өтінішті қарау мерзімі

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес:

    • Өтінішті қараудың жалпы мерзімі – 15 жұмыс күні.
    • Қосымша мән-жайларды анықтау қажет болған жағдайда, мерзім екі айдан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы өтініш берушіге 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.
    • Шағымды қараудың жалпы мерзімі – 20 жұмыс күні.

    4. Департамент қандай шаралар қабылдайды?

    Өтінішті қарау нәтижесінде департамент:

    • Құқық бұзушылық фактілерін зерделейді;
    • Қажет болған жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізеді;
    • Заңбұзушылық анықталған кезде оны жою туралы нұсқама береді;
    • Заңнамада көзделген жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту шараларын қабылдайды;
    • Өтініш берушіге қарау нәтижесі бойынша ресми жауап береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары