Жамбыл ауданында Президент Жолдауының негізгі бағыттары бойынша қоғамдық кездесу өтті

    Бүгін, 2026 жылғы 10 қарашада Жамбыл ауданының Аса ауылында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау мақсатында аудан жұртшылығымен кездесу өтті.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Маканов Арман Мұратбекұлы қатысты.

    Кездесу Аса ауылындағы Мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

    Жиын барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған негізгі бағыттар, еліміздің және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік саясатты жетілдіру және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар аудан тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерге назар аударылды. Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары