Ұлытау облысында ІІО ардагерлеріне құрмет көрсетілді

    Ұлытау облысы Полиция департаментінде Ішкі істер органдары ардагерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Мерекелік жиында Департамент бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Сапар ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттады. Ол ардагерлердің ішкі істер органдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтіп, олардың мол тәжірибесі мен өнегелі жолының жас қызметкерлер үшін маңызды екенін жеткізді.

    Іс-шара барысында музыкалық нөмірлер орындалып, поэзиялық арнау оқылды. Сондай-ақ қатысушылар назарына күй ұсынылды.

    Мереке аясында ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тілектері білдірілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының полиция департаменті" жаңалықтары