Қазақстанда 314-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

    1 / 8

    Ақтөбе облысы Темір ауданының Тасқопа ауылында «Ауыл құтқарушылары» жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Ол 621 тұрғыны бар ауылдың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

    Бір қабатты ғимарат қызмет атқаруға қажетті барлық жабдықпен қамтамасыз етілген. ТЖМ жаңа бекетке өрт сөндіру автокөлігін, жауынгерлік киім мен байланыс құралдарын бөлді. Жеке құрам 4 адамнан жасақталған. Ғимаратта диспетчерлік бөлме, демалыс және тамақтану бөлмелері, сондай-ақ санитарлық-тұрмыстық орындар қарастырылған.

    Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары