Шымкентте ТЖ мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылды талқылау үшін тоғыз елдің өкілдері бас қосады
13 қарашада Шымкент қаласында ТМД Атқарушы комитетінің және тоғыз ел өкілдерінің қатысуымен Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңестің XXXVIII отырысы өтеді.
Күн тәртібінде ауқымды төтенше жағдайларға бірлесіп ден қою, құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын үйлестіру және халықаралық ынтымақтастық мәселелері қаралады. Қазақстан бұл отырысты соңғы 11 жылда алғаш рет қабылдап отыр.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін халықаралық кездесуді ақпараттық жариялауға шақырамыз.
2026 жылғы 13 қараша, сағат 09:40
Шымкент қаласы, «Қызғалдақ» кешені
БАҚ өкілдерін аккредиттеу: +7 778 928 18 16, +7 702 594 94 22
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









