ТЖМ қызметкері ММА-дан әлем чемпионатында екінші орын иеленді

    1 / 2

    Павлодар облысы ТЖД қызметкері, BATYR TEAM спорт клубының атынан өнер көрсеткен Аида Аблаева ММА-дан «2026 IMMAF World Championships» әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

    Жарыс 1-7 қараша аралығында Грузияның Тбилиси қаласында өтіп, оған 60 елден 850-ден астам спортшы қатысты. Аида 18 - 20 жас аралығындағы спортшылар арасында 52,2 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

    Биыл қазан айында спортшы АММА-дан Қазақстан чемпионы атанып, әлем біріншілігіне жолдама алған болатын.

    Аиданы лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да спорттық биіктерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары