Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

    Министрлік туралы

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымы

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің XV чемпионаты

    2026 жылғы 29 шілде мен 1 тамыз аралығында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің XV чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің өңірлерінен келген 14 команда қатысып, өрт сөндіру-құтқару спортының ең тартымды әрі техникалық жағынан күрделі түрлерінің бірінде үздіктерді анықтайды. Төрт күн бойы спортшылар өрт сөндіру-құтқару спортының төрт дисциплинасы бойынша бақ сынайды: шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер жолағынан өту, 4×100 метрлік өрт эстафетасы, жауынгерлік қанат жаю. Чемпионат қорытындысы бойынша алдағы әлем чемпионаттарына дайындалу және қатысу үшін Қазақстан ТЖМ ұлттық құрама командасының құрамына енгізілетін үздік спортшылар анықталады. Чемпионаттың мақсаты – жастар арасында өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту, спорттық шеберлік деңгейін арттыру және ұлттық құрама командасы үшін лайықты спорт резервін қалыптастыру.

    29 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «ТЖМ-де шомылу маусымының өтуі және шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану туралы» тақырыбында брифинг

    31 шілдеде сағат 12:00-да ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында (Б. Момышұлы даңғылы, 2/11) «ТЖМ-де шомылу маусымының өтуі және шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану туралы» тақырыбында брифинг өтеді. Спикерлер: ТЖМ ТЖ жою департаменті басқармасының бастығы Магомет Ахриев, сондай-ақ ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті басқармасының бастығы Ерасыл Сайпаш.

    30 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Өрт қауіпті кезеңнің өтуі туралы» тақырыбында брифинг

    21 шілдеде сағат 15:00-да ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында (Б. Момышұлы даңғылы, 2/11) «Өрт қауіпті кезеңнің өтуі туралы» тақырыбында брифинг өтеді. Спикерлер: ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Төрегелдиев Ерлан Аблайұлы, сондай-ақ ҚР ЭТРМ Мемлекеттік бақылау, орманды қорғау және сақтау басқармасының басшысы Нияз Жолбарыс Арыстанұлылі.

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ерлер мен әйелдер арасында өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кубогына арналған IX турнир

    2026 жылғы 15-17 шілде аралығында Қостанай қаласындағы «Затоболец» стадионының базасында ерлер мен әйелдер арасында өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кубогына арналған IX турнир өтеді. Жарысқа 2025 жылғы Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаттарының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен еліміздің ең мықты командалары – 12 ерлер және 10 әйелдер командасы қатысады. Спортшылар үш дисциплина бойынша сынға түседі: шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер жолағынан өту және 4×100 метрлік өрт сөндіру эстафетасы. Барлық қатысушыларға сәтті бастамалар, жоғары спорттық нәтижелер, әділ бәсеке және жарқын жеңістер тілейміз!

    15 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Шомылу маусымының өтуі және шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану туралы» тақырыбында брифинг

    10 шілдеде сағат 12:30-да ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында (Б. Момышұлы даңғылы, 2/11) «Шомылу маусымының өтуі және шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану туралы» тақырыбында брифинг өтеді. Спикерлер: ТЖМ ТЖ жою департаменті басқармасының бас маманы Қажкенов Дидар Сәкенұлы, сондай-ақ ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті басқармасының аға офицері Темірбеков Қуаныш Серікұлы.

    9 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Балаларды судағы қауіптен сақтаңыз!» республикалық акциясының басталуы туралы» тақырыбында брифинг

    2026 жылғы 16 маусымда сағат 12:30-да ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында (Б. Момышұлы даңғылы, 2/11) « Шомылу маусымының өту барысы және «Балаларды судағы қауіптен сақтаңыз!» республикалық акциясының басталуы туралы » тақырыбында брифинг өтеді. Спикер: ҚР ТЖМ ТЖ жою департаменті басқармасының басшысы Ахриев Магомет Русланович, сондай-ақ Ішкі істер және Оқу-ағарту министрліктерінің өкілдері.

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    г.Астана, проспект Б. Момышулы, 2/11

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу сатыларында рұқсат етілген өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын анықтаған кезде қандай шаралар қабылдау қажет?

    Жауап

    "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңға сәйкес объектілер құрылысының сапасын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген осы объектілердегі сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану, сондай-ақ жобалық құрылыстың сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру құжаттаманы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Осыған байланысты, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу сатысында жол берілген өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын анықтаған кезде аумақтылығы бойынша тиісті әкімдіктерге жүгіну қажет.

    ·
    Сұрақ

    Бір қабатты жеке тұрғын үйлерде өрт хабарлағыштарын орнату талап етіле ме?

    Жауап

    ҚР ҚН 3.02-02-2023 «Бір пәтерлі тұрғын үйлерді және олардың инженерлік жүйелерін жобалау» 5.3.10-тармағына және Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 154-1 тармағына сәйкес, тұрғын үй-жайлар автономды оптика-электронды түтіндік өрт хабарлағыштарымен жабдықталады. Мұндай талап өрттің уақтылы анықталуын қамтамасыз етуге, адамдарды эвакуациялау үшін шаралар қабылдауға, өрттің таралуын шектеуге, адам өлімі мен материалдық залал қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Автономды өрт датчиктері - бұл өздігінен жұмыс істейтін және өрт дабылы жүйелеріне қосылмайтын тұрмыстық өнім. Оларды пайдалану оңай. Өрт хабарлағыштары үшін сертификаттың болуы, сондай-ақ толық техникалық және пайдалану сипаттамасы (нұсқаулық, орнату бойынша ұсынымдар, кепілдік міндеттемелер) болуы міндетті. ТЖМ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан барлық адамдар үшін міндетті болып табылатынына назар аударады. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі олардың иелеріне толығымен жүктеледі.

    ·
    Сұрақ

    Өртте балалардың өлімімен топтық жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін ТЖМ не істеп жатыр?

    Жауап

    Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ТЖМ қызметі басты назарда болатын негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуге бағытталған шаралар кешені қабылдануда. Біріншіден, әр өңірде азаматтармен ауқымды үгіт-профилактикалық іс-шаралар (кездесулер, әңгімелер, нұсқамалар, рейдтер, азаматтармен жиындар, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жадынамалар тарату) өткізіледі. Екіншіден, әлеуметтік осал отбасылармен нүктелік (атаулы) түсіндіру жұмыстары жүргізілуде (профилактикалық сапарлармен көп балалы отбасылар, мүгедек отбасылар немесе бейәлеуметтік өмір сүрушілер қамтылады). Үшіншіден, балабақшалардан бастап және бүкіл мектеп кезеңінде балалармен тікелей жұмыс жүргізіледі. Еліміздің барлық оқу орындарында қауіпсіздік мәселелерін зерделей отырып, сынып сағаттары өткізіледі. ТЖ кезінде қауіпсіз мінез-құлық бойынша білім деңгейін арттыру үшін білім беру ұйымдарында оқушылар мен оқытушыларды тарта отырып, нұсқамалар мен оқу орындарының ғимараттарынан қауіпсіз эвакуациялау бойынша оқу-жаттығулар өткізіледі. Өскелең ұрпақты ТЖ-ға жан-жақты дамыту және дайындау, ТЖ іс-қимыл дағдыларын алу және жетілдіру мақсатында өңірлердің білім беру ұйымдарының базасында 2,5 мыңға жуық «Жас құтқарушы» үйірмелері және т.б. құрылды. Алайда, барлық жерде өткізілетін іс-шаралар кешеніне қарамастан, балалардың өлімі мен жарақат алу жағдайлары жалғасуда. Трагедияның көпшілігі балаларды қараусыз қалдыруға, сондай-ақ ересектердің өрт қауіпсіздігінің қарапайым шараларын сақтамауына байланысты (электр желілерін шамадан тыс жүктеу, жылыту пештері мен электр жүйелерін уақтылы жөндемеу, мұржаларды күйеден тазарту).

    ·
    Сұрақ

    Өрт-техникалық минимум бойынша оқыту курсын өткізу кезінде ҚР заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіштердегі дәстүрлі құжаттармен қатар электрондық-цифрлық құжаттарды (куәлік және хаттама) жүргізуге бола ма?

    Жауап

    «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңға сәйкес уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-сы бар электрондық құжат қағаз құжатқа теңестіріледі. Түпнұсқаны дәл қайталайтын бағдарламалар қолданылған жағдайда хаттамалар мен куәліктердің қағаз нұсқаларына ұқсас электрондық нұсқаларын пайдалануға рұқсат етіледі. Заңды тұлғалар арасындағы шарттарды орындау кезінде интернетсіз шалғай аудандарда қызметкерлерді оқытатын ұйымдардың қажеттіліктерін ескеру маңызды. Комиссия отырысының хаттамасына және өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді тексеру жөніндегі куәлікке тиісінше комиссия мүшелері мен оқу орталығының басшысы қол қоюға тиіс.

    ·
    Сұрақ

    Өрт-техникалық минимум бойынша оқыту курсын қашықтықтан («online» режимінде) өткізуге жол беріле ме?

    Жауап

    Азаматтық қорғау саласындағы заңнамада ұйымдардың қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына онлайн форматта оқытуды көздейтін талаптар регламенттелмеген. Ұйым қызметкерлерін және халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларында және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарда (ТЖМ-нің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығы) ұйым қызметкерлерінің объектіде өрт болған жағдайда өз бетінше әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту тәртібі мен практикалық жаттығулар рәсімі белгіленген. Осылайша өрт-техникалық минимумның бағдарламасы бойынша қашықтықтан оқытуға («on-line» режимі) жол берілмейді.

    ·
    Сұрақ

    Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі сараптама ұйымдарын аккредиттеу аттестатын алу үшін не қажет?

    Жауап

    Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптамалық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттеру аттестатын алу үшін заңды және жеке тұлғалар ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетіне «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіндегі өтініш береді. Өтінішке қоса беріледі: - сараптама ұйымының мамандары құжаттарының көшірмелерін: «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары білім; өзге де жоғары білім және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердегі жұмыс өтілі кемінде бес жыл; - мамандарды жұмысқа қабылдау туралы еңбек шарттары; - сараптама ұйымына меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі үй-жай туралы құжаттардың көшірмелері. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, тиісті тексеру жүргізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы шешім туралы хабардар етіледі.

    ·
    Ұсынымдар

    Балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі

    Балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шомылу маусымының өтуі және шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану туралы

    Шомылу маусымының өтуі және шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сел қауіпті кезеңнің өтуі туралы

    Сел қауіпті кезеңнің өтуі туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Өрт қауіпті кезеңңің өтуі туралы

    Өрт қауіпті кезеңңің өтуі туралы

    Жарияланды:
    Нәтижелер

    Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау туралы 2026 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша есебі

    Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау туралы 2026 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша есебі

    Жарияланды:
    Қағида

    Азаматтық қорғау органдарына қызметке тұру тәртібі

    Азаматтық қорғау органдарына қызметке тұру тәртібі

    Жарияланды: