Үйден бір минутқа ғана шығып едіңіз, ал есік тарс жабылды. Іште кішкентай бала жалғыз қалды. Мұндай тұрмыстық жағдай аз уақыт ішінде оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Мұндай сәтте ата-аналар уақыт жоғалтып, есікті өз бетінше ашуға әрекет жасамай, жағдайды дұрыс бағалап, қажет болған жағдайда құтқарушыларды шақыру.
Қандай жағдайда жабық есік шұғыл жағдайға айналады?
Жабық есіктің ар жағында өздігінен есікті аша алмайтын немесе көмек шақыра алмайтын кішкентай бала қалған жағдайға ерекше назар аударылу қажет. Әсіресе, пәтер ішінде газ немесе электр құрылғылары қосулы тұрса, баланың құлап жарақат алу, өрт шығу, улану немесе денсаулығына өзге де қауіп төну ықтималдығы болса, жағдай аса қауіпті.
Мұндай жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалып, жабық есіктің ар жағында баланың жалғыз қалғанын хабарлау қажет. Диспетчерге оқиға туралы барынша нақты ақпарат беру маңызды: мекенжайды, кіреберісті, қабатты, пәтер нөмірін, баланың жасын айтып, пәтер ішінде қауіп төндіруі мүмкін жағдайлардың бар-жоғын хабарлау керек. Егер баланың денсаулығы нашарлағаны немесе оған тікелей қауіп төніп тұрғаны белгілі болса, бұл туралы да операторға айту қажет.
Құтқарушылар келгенге дейін не істеу керек?
Төтенше қызметке хабарласқаннан кейін сабыр сақтап, диспетчердің нұсқауларын орындау қажет.
Егер бала ересектердің дауысын ести алса, онымен үнемі байланыста болған жөн: сөйлесіп, тыныштандырып, көмектің келе жатқанын түсіндіріңіз.
Қосымша қауіптің туындауына әкелуі мүмкін әрекеттерді жасамаңыз, атап айтқанда құлыпты өз бетінше бұзу, қолда бар құралдарды пайдалану баланың жарақат алуына және мүліктің бүлүнуіне әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ құтқарушылардың жұмысына кедергі келтірмей, оқиға орнына кедергісіз жетуіне мүмкіндік жасау маңызды.
Құтқарушылардың жұмысына не кедергі келтіруі мүмкін?
Құтқарушылар үшін ең бастысы – балаға мүмкіндігінше тез жетіп, жағдайды бағалау. Сондықтан 112 нөміріне қоңырау шалған кезде барынша нақты ақпарат беру қажет.
Егер ата-аналар нақты мекенжайды білмесе, кіреберіске кіре алмаса, пәтер ішіндегі ықтимал қауіптер туралы хабарламаса немесе есікті өз бетінше ашуға әрекет жасаса, бұл құтқару жұмыстарын қиындатуы мүмкін.
Мамандар келгенге дейін өз қауіпсіздігіңізге де, баланың қауіпсіздігіне де қатер төндірмеген жөн.
Мұндай жағдайдың алдын алу үшін не істеу керек?
Осындай оқиғалардың алдын алуға болады. Кішкентай балалары бар ата-аналарға мынадай сақтық шараларын ұстану ұсынылады:
баланы үйде, тіпті қысқа уақытқа да жалғыз қалдырмау;
кілттердің қайда тұрғанын және үйге кімдердің қол жеткізе алатынын бақылау;
отбасының ересек мүшелері үшін үйге қауіпсіз кіру жолын алдын ала қарастыру;
баланы қауіпті заттар мен қосулы тұрған тұрмыстық құрылғылардың жанында қалдырмау;
жасы мен түсіну деңгейіне қарай балаға төтенше жағдайда көмекке қалай жүгіну керектігін түсіндіру.
Кәдімгі есіктің өзі оның ар жағында кішкентай бала қалып қойса, үлкен кедергіге айналуы мүмкін. Сондықтан басты ереже – баланы үйде жалғыз қалдырмау және есік кездейсоқ жабылып қалған жағдайда не істеу керектігін алдын ала ойластыру.
Ал егер бала жабық есіктің ар жағында қалып, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, дереу 112 нөміріне хабарласып, шұғыл көмек шақыру қажет.









