Қазақстанда 303-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

    1 / 8

    Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылында 303-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылу рәсімі өтті. Жаңа өрт сөндіру бекеті жалпы саны 1 207 адам тұратын екі елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

    Ашылу салтанатына Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин, Ойыл ауданының әкімі Сәкен Займолдин, елді мекен тұрғындары және гарнизонның жеке құрамы қатысты.

    Жергілікті атқарушы органдар қызмет атқаруға қажетті жағдай жасап, жеке құрамның демалуына арналған тұрмыстық бөлмелерді жабдықтады. ТЖМ бекетті қажетті өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз етті.

    Жаңа нысан оқиға орнына жету уақытын қысқартып, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары