Абу Дабидегі Республика күні: дәстүр мен әріптестік

    1 / 16

    Абу Даби, 2026 жылғы 23 қазан – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігі Республика күніне орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды.

    Қабылдаудың бас демеушісі болған Freedom Shapagat корпоративтік қоры салтанатты іс-шараны ұйымдастыруға елеулі үлес қосты.

    Іс-шараға Әмірліктерде жұмыс істейтін қазақстандық бизнес өкілдері, оның ішінде BI Group, QEMTEX, «Мамулины вкусняшки», Qazaq Gourmet, Meta Farm компаниялары, «Каусар» мейрамханалар желісі және «Алматы» мейрамханасы да қолдау көрсетті. Серіктестердің көмегі отандық бизнестің еліміздің халықаралық беделін арттыруға және Әмірліктермен іскерлік байланыстарды нығайтуға қосып отырған үлесінің көрінісі болды.

    Іс-шара аясында ақпараттық технологиялар, агроөнеркәсіп кешені, тамақ және құрылыс өнеркәсібі, қызмет көрсету және ұлттық өнім өндіру салаларындағы 30 жуық қазақстандық компанияның қатысуымен көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстанның экспорттық әлеуеті әрі БАӘ сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері таныстырылды.

    Қонақтарды Қазақстанның мәдени мұрасымен және ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыруға ерекше көңіл бөлінді. Қабылдау екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға, іскерлік және мәдени байланыстарды дамытуға ықпал етті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігі" жаңалықтары