Қазақстан мен БАӘ сыртқы істер министрлері БҰҰ аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

    Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Наһаянмен телефон арқылы сөйлесті.

    Әңгіме барысында Әмірліктердің Сыртқы істер министрі өзінің қазақстандық әріптесін Республика күнімен құттықтап, Лана Нусейбенің БҰҰ Бас хатшысы лауазымына кандидатурасын ұсынуға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

    Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуын атап өтіп, саяси диалогты одан әрі нығайтуға және өзара қызығушылық тудыратын салаларда ықпалдастықты кеңейтуге мүдделі екендерін растады.

    Әңгімелесу соңында тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тығыз байланыс пен өзара іс-қимылды үйлестіруді жалғастыруға уағдаласты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігі" жаңалықтары