ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «КІТАП LIFE» КІТАП ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ

    1 / 4

    Атырау қаласында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында кітап оқуды насихаттауға және кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған «Кітап LIFE» кітап фестивалі өтті.
    Аталған іс-шараға Атырау облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері қатысты.
    Фестивальдің жарқын сәттерінің бірі – қазақстандық «Кітапхан» әдеби жобасының авторы әрі жүргізушісі Хамит Ердеханмен кездесу болды. Кездесу барысында қатысушылар кітап оқудың адам өміріндегі рөлі, оның жеке тұлғаның дамуы мен дүниетанымын кеңейтудегі маңызы туралы пікір алмасты. Сондай-ақ қонаққа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

    Мұндай іс-шараларға қатысу кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, дүниетанымды кеңейтуге және рухани дамуға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары