2026 жылғы 27 қазанда Атырау облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері «NURRIZA» жеке кәсіпкерінің өкілі Н.Т. Бисенбаевпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ұлттық музыкалық аспаптарды дайындау және насихаттау, сондай-ақ Атырау облысының географиялық нұсқамасына байланысты өнімдерді коммерцияландыру мәселелері талқыланды.
Атырау облысының географиялық нұсқамасының құқық иеленушісі болып табылатын «NURRIZA» жеке кәсіпкерлігі жергілікті ағаш түрлері – жиде мен шаған ағашынан домбыра дайындайды. Дайын өнімдер Атырау қаласындағы «Насиха» сауда орталығында сатылымға ұсынылған. Мұнда өңір тұрғындары мен қала қонақтары, соның ішінде шетелдік туристер де домбырамен танысып, оны сатып ала алады. Жергілікті ағаш түрлерін пайдалана отырып домбыра жасау ұлттық дәстүрлерді сақтауға, қазақтың ұлттық музыкалық аспабын кеңінен насихаттауға және өңірлік өндірісті дамытуға ықпал етеді.
Мұндай бастамалар Атырау облысының географиялық нұсқамасына байланысты өнімдерді ілгерілетуге, өңірдің танымалдылығын арттыруға және оның мәдени мұрасына деген қызығушылықты нығайтуға мүмкіндік береді.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР НАСИХАТТАЛУДА
1 / 3
Ұқсас материалдар

"Мұнай Инвестмент Груп" ЖШС Түркістан қаласындағы ұнай сақтау базасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді
Ашу
Ақтөбе облысында «Үздік ГТҚҚ буыны» анықталды
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында хабардар болуын арттыру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың жүзеге асырылу қорытындылары бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті
Жітіқара ауданының әкімдігіАшу
БАРШАҒА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Абай ауданының әкімдігіАшу
ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗГІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ АКТІЛЕРІ АУДИОНҰСҚАДА ҚОЛЖЕТІМДІ
Француз Республикасындағы Қазақстан Республикасының ЕлшілігіАшу
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшу
«ТАЗА МЕКЕН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшу
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшу
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ТАУАР БЕЛГІСІН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшу
Жылыой ауданының кәсіпкерлеріне тауар белгілерін пайдалану мәселелері түсіндірілді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшу