Жылыой ауданының кәсіпкерлеріне тауар белгілерін пайдалану мәселелері түсіндірілді.

    Жылыой ауданының кәсіпкерлеріне тауар белгілерін пайдалану мәселелері түсіндірілді.
    2026 жылғы 21 қазанда Атырау облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы З.Ш. Оразова Жылыой ауданындағы «Беркад» сауда орталығының кәсіпкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Кездесу барысында кәсіпкерлерге зияткерлік меншік саласындағы заңнама талаптары, тауар белгілерін заңсыз пайдалану және контрафактілік өнімдерді тарату мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабында көзделген жауаптылық түсіндірілді.
    Сонымен қатар құқық иеленушілердің құқықтарын сақтау және заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары