АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ТАУАР БЕЛГІСІН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ

    1 / 5

    ⚜️АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ТАУАР БЕЛГІСІН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ⚜️
    2026 жылғы қазан айында Атырау облысының Әділет департаменті тауар белгісі құқық иеленушісінің өтініші негізінде жеке кәсіпкерге қатысты бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жургізді.
    Тексеру барысында «LEGO Holding A/S» компаниясына тиесілі «MY WORLD» тауар белгісін заңсыз пайдалана отырып, өнімдерді сату фактісі анықталды.
    Тексеру нәтижесінде жалпы құны 14 500 теңгені құрайтын 11 дана өнім тәркіленді.
    Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақталды. Әкімшілік іс материалдары Атырау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына қарауға жолданды.
    Істі қарау нәтижесінде сот жеке кәсіпкерді бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін 90 825 (тоқсан мың сегіз жүз жиырма бес) тенге мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартты.
    «MY WORLD» белгісі бар тәркіленген 11 дана өнім жою үшін Атырау қаласының аумақтық мәжбүрлеп орындату бөліміне тапсырылды.
    Атырау облысы Әділет департаменті бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау құқық иеленушілердің мүдделерін қамтамасыз етудің, контрафактілік өнімдердің таралуына жол бермеудің және адал бәсекелестікті сақтаудың маңызды шарты болып табылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары