1 / 3
Атырау облысы Әділет департаментінде ұлттық мереке – Республика күніне орай салтанатты жиын өтті.
Жиын барысында департамент басшысының міндетін атқарушы Меруерт Амангельдиевна Музатова қызметкерлерді мерекемен құттықтап, оның мемлекеттіліктің, тәуелсіздіктің, халық бірлігі мен ұлттық құндылықтардың символы ретіндегі тарихи маңызын атап өтті.
Өз сөзінде ол заң үстемдігін қамтамасыз етуде, азаматтардың құқықтарын қорғауда және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуда әділет органдарының маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Жиын соңында М.А. Музатова әріптестеріне кәсіби табыс пен амандық, ал елімізге тұрақтылық пен өркендеу тіледі.









