Павлодар облысы білім беру басқармасының "Успен ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
Математика пәнінің мұғалімі Мамбетова Айжан Нағызхановна «Математика сабағында цифрлық бағдарламалар мен технологияларды қолдану» тақырыбында өткен облыстық семинарға қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында математика сабағында заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдалану, интерактивті математикалық орта арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыру, визуализация мен модельдеу әдістерін қолдану мәселелері қарастырылды.
Педагог өз тәжірибесімен бөлісе отырып, білім беру үдерісінде цифрлық технологиялардың маңыздылығын көрсетті. Мұндай іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және білім сапасын жақсартуға ықпал етеді.
✨ Заманауи технологиялар – сапалы білім мен нәтижелі оқытудың маңызды құралы!








