2026 жылғы 16 қазанда М. Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің базасында 9–10-сынып оқушылары арасында жас тарихшыларға арналған «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі өтті.
Конкурстың мақсаты – оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, тарихи танымын кеңейту және зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
Байқау қорытындысы бойынша оқушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.
«Өлкемнің цифрлық шежіресі» номинациясы бойынша:
I орын – Кох Ксения, М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Сулейманов Г.
II орын – Кельдибекова Дайана, М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Сулейманов Г.
III орын – Осипов Иван, М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Сулейманов Г.
«Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет» номинациясы бойынша:
I орын – Нұрәлі Ибат, Қаратай жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Алибаева С.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларға алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт, ал жетекшілеріне кәсіби табыс пен еңбектерінің жемісін көруді тілейміз!







