АҚЫЛ! ІЗГІЛІК! МӘҢГІЛІК!

    АҚЫЛ! ІЗГІЛІК! МӘҢГІЛІК!

    6 қазан күні Успен ауылының аудандық Мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған «Ақыл! Ізгілік! Мәңгілік!» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

    Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, адамзаттың асыл құндылықтарын дәріптейтін, парасат пен ізгіліктің шамшырағын жағатын ардақты маман. Ұстаз еңбегін ұлықтаған мерекелік кеште білім саласының үздік өкілдеріне ерекше құрмет көрсетілді.

    Салтанатты шара барысында аудан әкімі Нұрболат Абылайханұлы Мақашев ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар педагогке еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін марапаттар табыстады.

    Аудандық мәслихат төрағасы Жасталап Райымбекұлы ұстаздарға ізгі тілегін білдіріп, мәслихат атынан бірқатар педагогке Алғыс хаттар табыс етті.

    Аудандық білім бөлімінің басшысы Есен Өмірбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, білім беру саласының үздіктерін марапаттады.

    🏆 Мерекелік шарада «Жыл мұғалімі – 2026» аудандық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары, үздік педагогтер, ардагер ұстаздар мен жас мамандарға құрмет көрсетілді.

    🎶 Мерекелік кеш Павлодар қаласының Иса Байзақов атындағы филармония өнерпаздарының «Ақыл! Ізгілік! Мәңгілік!» атты концерттік бағдарламасымен жалғасты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы білім беру басқармасының "Успен ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары